• Қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша әр сыныпқа 20 оқушыдан қабылданады. Барлығы 5 сынып ашылып, жалпы саны 100 оқушы білім алуға қабылданады.

    Лицейде оқу үдерісі қазақ тілінде жүргізіледі. Білім беру заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттерде ұйымдастырылады. Ұлдар мен қыздарға арналған жатақханалар бөлек орналасқан. Сонымен қатар, лицейде бассейн, спорт залы жұмыс істейді, домбыра, вокал және түрлі спорттық үйірмелер тұрақты түрде ұйымдастырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалады.